- Басты бет
- Жаңалықтар
- ТДМ 9, ТДМ 12, ТДМ 14 сәйкес өзекті тақырып бойынша докторлық диссертацияны сәтті қорғау
ТДМ 9, ТДМ 12, ТДМ 14 сәйкес өзекті тақырып бойынша докторлық диссертацияны сәтті қорғау

Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде ББ 8D07101- «Мұнай химиясы» бойынша «Мұнай кәсіпшілік жабдықтарының коррозияға қарсы жабындарын жасау» тақырыбында Болд Амангүл философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін докторлық диссертациясын сәтті қорғады. Жұмыс ҚазҰУ химия және химиялық технология факультетінің Физикалық химия, катализ және мұнай-химия кафедрасында және "Д. В. Сокольский атындағы жанармай, катализ және электрохимия институты" АҚ электрохимия және нанотехнологиялық процестер зертханасында орындалды. Диссертация қазақ тілінде ұсынылды. Диссертациялық жұмыс отандық ғылыми кеңесші, әл – Фараби атындағы ҚазҰУ физикалық химия, катализ және мұнай-химия кафедрасының профессоры Лариса Равильевна Сасыкованың және шетелдік ғылыми кеңесші, Д. И. Менделеева атындағы инновациялық материалдар және коррозиядан қорғау кафедрасының меңгерушісі (Мәскеу қ., Ресей), профессор Ваграмян Тигран Ашотовичтың жетекшілігімен орындалды. Диссертациялық жұмыс қолданбалы сипатқа ие және мұнай-газ өнеркәсібі мен мұнай-химия өндірісінің өзекті мәселесіне – мұнай өңдеу зауыттарындағы жабдықтарды қорғау мақсатында металл беттеріне коррозияға қарсы жабындарды әзірлеуге арналған. Қоршаған ортаға теріс әсер ететін ауыр металдар тұздарын (мыс, никель, мырыш, хром) пайдалануды жоюға мүмкіндік беретін темір үлгілеріне фосфатты жабындарды алу үшін Мажеф тұзы мен гидроксиламин негізіндегі фосфаттау ерітіндісінің құрамы әзірленді. Органикалық нитроқосылыстарды үдеткіш ретінде қолданатын тот түрлендіргіштер негізінде фосфаттау ерітінділері әзірленді, бұл коррозияға төзімділігі жоғары төмен температуралы жабындарды алуға мүмкіндік береді. Бояу және лак жабындарының астындағы адсорбциялық қабаттар ретінде қолданылатын цирконий тотығы жабындарын жағудың оңтайлы шарттары анықталды. Тот түрлендіргіштердің ерітінділерінен алынған фосфатты жабындар Павлодар мұнай-химия зауытының (ПНХЗ) өндірістік суында сыналған.Диссертациялық жұмыстың тақырыбы БҰҰ ТДМ міндеттеріне сәйкес келеді: ТДМ 9. Берік инфрақұрылым құру, барлық қамтылған және тұрақты индустрияландыруды қамтамасыз етуге және инновацияларды енгізуге жәрдемдесу. ТДМ 12. Тұтыну мен өндірістің ұтымды модельдерін қамтамасыз ету. ТДМ 14. Тұрақты даму үшін мұхиттарды, теңіздер мен теңіз ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану. Диссертацияда әзірленген наноөлшемді керамикалық жабындарды жасауға арналған эксперименттік сынақтар, мұнай өңдеу зауыттарында кеңінен қолданылатын энергияны көп қажет ететін және экологиялық қауіпті хроматизация және фосфаттау процестерін ауыстыруға мүмкіндік беретіні анық.
Сасыкова Л.Р., профессор
Басқа жаңалықтар


