«Көпұлтты қоғамдағы мәдени әртүрлілік» тақырыбындағы дөңгелек үстелFarabi University

«Көпұлтты қоғамдағы мәдени әртүрлілік» тақырыбындағы дөңгелек үстел

18 ақпан, 2025

2025 жылғы 17 ақпанда әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің География және табиғатты пайдалану факультетінде «Көпұлтты қоғамдағы мәдени әртүрлілік: бірлік пен келісім негіздері» тақырыбында «Ел ішіндегі және елдер арасындағы теңсіздікті азайту» ТДМ-10 қағидаттары негізінде дөңгелек үстел өтті. Іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы мен Алғыс айту күніне орай ұйымдастырылды. Мерейтойлық шараны факультеттің Қазақстан халқы Ассамблеясы жұмысы бойынша жауапты маманы Казакбаева Турдибуви Масымжановна оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстары жөніндегі декан орынбасары Шәкен Айман Шәкенқызының жетекшілігімен ұйымдастырды.

Дөңгелек үстел қазақ-қытай бірлескен «Қашықтан зондтау технологиясы және қолданылуы» зертханасында өтті. Оған оқытушылар, студенттер және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Іс-шараның құрметті қонағы – Алматы қалалық «Возрождение» неміс этномәдени бірлестігінің төрайымы Набокова Людмила Александровна болды.

Ұлттық бірлік – елдің мәдени дамуы мен мәдени имиджін қалыптастырудың негізі тақырыбында баяндама жасаған рекреациялық география және туризм кафедрасының аға оқытушысы М.А. Хожаев болды. Ал ЮНЕСКО-ның Тұрақты даму кафедрасының аға оқытушысы О.А. Зубова өз баяндамасында студенттік ортадағы ұлтаралық қарым-қатынасты дамыту тәжірибесімен бөлісті.

Баяндамалардан кейін көпмәдениетті қоғамдағы өзекті мәселелер бойынша белсенді талқылау өтті. Қатысушылар этномәдени мұраны сақтау және ұлтаралық келісімді нығайту бойынша табысты тәжірибелерімен бөлісті.

Дөңгелек үстел соңында пікірталас ұйымдастырылып, студенттер мен қонақтар өз ойларымен бөлісті, баяндамашыларға сұрақтар қойды және осындай іс-шаралардың толеранттылық пен бірлікті дамытудағы маңыздылығын атап өтті. «Возрождение» неміс этномәдени бірлестігінің төрайымы Л.А. Набокова неміс қоғамының Қазақстанда этносаралық келісім мен мәдени әртүрлілікті дамытудағы тәжірибесін баяндап, Алматы мен облыстың барлық немістері атынан қазақ жеріне және қазақ халқына қиын-қыстау кезеңдердегі мейірімділігі мен кеңпейілділігі үшін, сондай-ақ көпжылдық достық үшін алғыс білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, этносаралық диалогтың қоғамдағы келісім мен өзара түсіністікті нығайтудағы маңыздылығын атап өтті.

Сілтеме: https://daz.asia/ru/o-sohranenii-kulturnogo-mnogoobraziya-pobesedovali-v-kaznu-imeni-al-farabi/