Факультет ұжымы жетекші маман Райхан Абдурусулқызын мерейлі 60 жасымен құттықтадыFarabi University

Факультет ұжымы жетекші маман Райхан Абдурусулқызын мерейлі 60 жасымен құттықтады

18 ақпан, 2025

Қытайтану кафедрасы мен Шығыстану факультетінің ұжымы жетекші маман Райхан Абдурусулқызы Нусупованы 60 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтады.

Райхан Абдурусулқызы 2000 жылдан бері кафедраның ажырамас бөлігі болып, оның дамуына елеулі үлес қосып келеді. Көп жылдық еңбегі барысында ол жоғары деңгейлі кәсіби маман, жауапты, адал және жанашыр қызметкер ретінде танылды. Оның еңбекқорлығы, ұқыптылығы және ұжыммен жұмыс істей білу қабілеті әріптестері мен оқытушылар арасында үлкен құрметке ие.

Шығыстану факультетінің басшылығы мен әріптестері Райхан Абдурусулқызына көпжылдық еңбегі, өз ісіне деген адалдығы мен кафедра жұмысына қосқан баға жетпес үлесі үшін зор алғыс білдірді. Мерейтой құрметіне әріптестері оны шын жүректен құттықтап, жоғары ұйымдастырушылық қабілетін, қарым-қатынас жасау шеберлігін және жауапкершілігін ерекше атап өтті.

Райхан Абдурусулқызына зор денсаулық, амандық және кәсіби қызметінде табыс тілейміз!