Қытайтану кафедрасының докторанты СІМ алғыс хатымен марапатталды
19 ақпан, 2025

Қытайтану кафедрасының 3 курс докторанты Шарыпова Анар Қазақстан Республикасы Сыртқы Істер министрлігінің арнайы Алғыс хатымен марапатталды.
Алғыс хатта «Халықаралық коммуникация саласында дипломатиялық қарым-қатынасты дамытуға және мемлекет аралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған іс-шараларда кәсіби аударманы жүзеге асырғаны және белсене атсалысқаны үшін» деп атап өтілген.
Анар Шарыпованы лайықты марапатымен құттықтаймыз және ғылыми әрі кәсіби қызметінде толағай табыстар тілейміз!
Басқа жаңалықтар

1 сәуір, 2025

31 наурыз, 2025