"Өзге тілді дәрісханаларда қазақ тілін оқытудың тиімді тәсілдері"Farabi University

"Өзге тілді дәрісханаларда қазақ тілін оқытудың тиімді тәсілдері"

18 ақпан, 2025

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің аға оқытушысы Әділханова Жанна Сайынқызы 18.02.2025ж. Қырғызстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік тіл және тіл саясаты жөніндегі ұлттық комиссиясының Білім-ақпарат және аударма орталығының ұйымдастыруымен өткен халықаралық "Мемлекеттік тілді оқыту мен сөйлеуді дұрыс қолдану мәселелері" атты семнарға қатысып, "Өзге тілді дәрісханаларда қазақ тілін оқытудың тиімді тәсілдері" атты баяндама жасады. Семинарға Қырғызстан,Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан,т.б елдерінен тіл мамандары қатысты. Жиында бүгінгі күнгі мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі инновациялық тәжірибелер ортаға салынды,сондай-ақ тіл үйрету тәсілдерін тәжірибеде алмасу,пікірлесу,кеңесу жиыны болды. Факультетіміздің аға оқытушысы Ж.С.Әділханова өз тәжірибесімен бөлісті. Алдағы уақытта да туыстас елдермен мәдени-рухани байланыс жүзеге асыру жоспарлануда.