Қытайтану кафедрасының докторанттары ұлттық тәрбие тақырыбында тәрбие сағатын өткіздіFarabi University

Қытайтану кафедрасының докторанттары ұлттық тәрбие тақырыбында тәрбие сағатын өткізді

19 ақпан, 2025

Педагогикалық практика аясында Қытайтану кафедрасының 1-курс докторанттары студенттер мен магистранттарға арналған «Ұлттық тәрбие – ұлт болашағы» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.

Мақсаты – жастарға ұлттық тәрбиенің, рухани құндылықтардың маңыздылығын түсіндіру, қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрлерін дәріптеу.

Кездесу барысында докторанттар ұлттық тәрбиенің қазіргі қоғамдағы маңызы, оның тұлғалық дамуға және ұлттық сана-сезімнің қалыптасуына әсері туралы баяндамалар жасады. Іс-шара интерактивті форматта өтіп, қатысушылар ұлттық құндылықтарды сақтау мен дамыту мәселелерін талқылап, өз ойларымен бөлісті.

Іс-шара соңында ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға алғыстарын білдіріп, ұлттық тәрбиенің ұлт болашағын қалыптастырудағы рөлі зор екенін ерекше атап өтті.

Ұлттық тәрбие – елдің кемел келешегінің кепілі. Осы құндылықтарды бойына сіңірген ұрпақ – ұлттың жарқын болашағының негізі болмақ!