Құстарға қамқорлық – табиғатқа жанашырлық!Farabi University

Құстарға қамқорлық – табиғатқа жанашырлық!

6 ақпан, 2025

     2025 жылғы 6 ақпан Геодезия және картография мамандығының 1 курс студенттерімен (45 адам, барлығы қатысты) табиғатты қорғау және құстарға қамқорлық тақырыбында талқылау өтті.Құстар – экожүйенің маңызды бөлігі. Олар табиғи тепе-теңдікті сақтауға көмектеседі, зиянкестермен күреседі және өсімдіктердің тозаңдануына ықпал етеді. Құстарға қамқорлық жасау – бұл қоршаған ортаға жанашырлық танытудың бір көрінісі.Қазақстандағы құстар популяциясын сақтау үшін қоршаған ортаны қорғау шараларын күшейту, жасыл аймақтарды көбейту және экологиялық білім беруді дамыту маңызды.

https://www.instagram.com/reel/DGCsJsIIgPX/?igsh=ejdyNDBtMTc5enRm

(видеоға сілтеме)