Білім берудегі жаңа серпінFarabi University

Білім берудегі жаңа серпін

20 ақпан, 2025

20 ақпанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Білім беру бағдарламаларын қамтамасыз ету: академиялық тұрғыдан қарау және инновациялық шешімдер» тақырыбында сараптамалық-стратегиялық сессия отырысы өтті. Аталған шараға Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мазмұны басқармасы басшысының м.а. Рысгүл Құдреттолаева, ҚазҰУ-дың Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер жөніндегі проректор Алтай Қазмағамбетов, саяси ғылымдар докторы, профессор Амантай Нұрмағамбетов, «Мамандығым – болашағым» жобалық тобының жетекшісі Олжас Сәкенов, шетелдік компаниялардың өкілдері, отандық және шетелден келген сарапшылар, ғалымдар жиналды.  Жиынның мақсаты-еліміздегі білім беру бағдарламаларының сапасын арттырып, мазмұнын жаңартып отыру туралы ойларды ортаға салу, болашақта елімізде сапалы қажет мамандарды дайындау мәселелен талқылау. Бұл басқосуда  мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023-2029 жылдарға арналған жоғары білімді және ғылымды дамыту тұжырымдамасына ерекше назар аударылды. Аталған тұжырымдама мақсаты-болашақта  елімізде кадр даярлаудың жаңаша моделін қалыптастыру. Нақтылап айтқанда, енді елімізде  бизнесмендер мен  жұмыс берушілерді кадр даярлау ісіне қатыстыру шаралары көзделеді.  Аталған шараға Министрлік тарапынан қатысқан Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мазмұны басқармасы басшысының м.а. Рысгүл Құдреттолаева елімізде осы бағыт бойынша біршама жұмыстар атқарылып жатқандығын мәлімдеді.

Қазіргі уақытта  елімздегі «Мамандығым-болашағым» жобасы болашақта сапалы жаңа моделдегі Қазақстандық мамандарды дайындау бағытында жұмыс істеп жатқандығын, олардың жұмысының нәтижесі ретінде қазіргі бүгінгі күнге дейін 9 өңірлік атлас әзірленгенін және елімізге аса қажет деген 500-ден аса жаңа мамандықтар  анықталғандығына тоқталды. Аталған жиында университеттің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры А. Қазмағамбетов университеттегі ғылым саласына қатысты атқарылып жатқан жаңалықтарды баяндады. Алтай Қазмағамбетов өз сөзінде бұрынғы  білім беру бағдарламаларының 57 пайызы жаңартылғанын, өзге оқу орындарынмен  бірлескен және қосдипломдіқ білім беру бағдарламалары туралы айта келіп, білімді жетілдірудің алдында атқаратын күрделі міндеттердің де көп екендігіне  акцент жасап өтті. Университтеттің алдыңғы қатардан көрінуі үшін болашақта білім беру бағдарламалары үнемі жаңартып отыруды талап ететінін, әсіресе инновациялық білім беру бағдарламаларын дайындаудың аса қажеттігін басып айтты.

Елімізде ғылым саласына қатысты жаңа серпін тудыру бағытында  ғалымдар мен осы салада жүрген білікті  мамандар бас қосқан бұл жиынның сапалы білім беруге қосар үлесі зор деп білеміз. Болашақты бағдарлап қажетті мамандарды жоспарлы түрде дайындау, жұмыс жетіспеушілігі, кадр тұрақсыздығы сынды бүгінгі күнгі күн тәртібінде бірінші кезекте тұрған мәселелердің алдын алары сөзсіз.

 

                                                                                                          Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру кафедрасының

аға оқытушысы     Г.Ә. Машинбаева