Жас ғалымдар университеттің ғылыми қолдау жүйесімен танысты

Университетіміздің Ғылым департаментінің директоры Аида Серікқызы 20 ақпан күні жас ғалымдармен кездесті. Маңызды шараға университетіміздің докторанттары мен жас зерттеушілері, сондай-ақ Қытайтану кафедрасының 1-курс докторанттары Катбаева Г.К., Каракулова Л., Калиолла Г. қатысты.
Кездесу жас ғалымдардың ғылыми әлеуетін дамытуға және университеттің академиялық қолдау жүйесімен тереңірек танысуға мүмкіндік берді. Іс-шара барысында университеттің ғылыми-зерттеу қызметіне байланысты өзекті мәселелер, докторантураның негізгі мақсаттары, сондай-ақ университет деңгейінде жүзеге асырылатын ғылыми бастамалар талқыланды. Сонымен қатар, докторанттарға көрсетілетін қолдау шаралары туралы жан-жақты ақпарат ұсынылды.
Бұл кездесу жас зерттеушілер үшін маңызды академиялық бағдар ретінде танылып, олардың ғылыми әлеуетін одан әрі дамытуға серпін берді.
Басқа жаңалықтар

