"Қара шекпен" қойылымы: Театр әлеміне әсерлі сапарFarabi University

"Қара шекпен" қойылымы: Театр әлеміне әсерлі сапар

20 ақпан, 2025

2025 жылдың 20 ақпанында "Тұрақты даму жоспары 4" аясында механика кафедрасының кураторлары мен студенттері, магистрант, докторантарымен бірге Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттің балалар мен жасөспірімдер театрына "Қара шекпен" қойылымын тамашалауға барды.  "Қара шекпен" қойылымы көрермендеріне үлкен рухани әсер қалдырды. Қойылым барысында көрермендер оқиғаның дамуына етене еніп, кейіпкерлердің ішкі толғаныстарын бірге сезінді. Әсіресе, басты кейіпкердің тағдыры, оның өміріндегі қиындықтар мен әділетсіздікке толы сәттері студенттердің жан дүниесін тебірентті. Актерлердің шынайы ойыны, сахналық безендіру мен жарықтың үйлесімі қойылымның әсерін күшейте түсті. Көпшілік студенттер қойылым соңында ойға шомып, оның терең мағынасын түсінуге тырысты. Қойылымнан кейін студенттер арасында қызу пікірталас болып, олар шығарманың негізгі идеясы мен өмірлік сабақтарын талқылады. Көпшілік адамгершілік, әділдік, тағдырдың тәлкегі секілді мәселелерге баса назар аударды. "Қара шекпен" студенттерге эстетикалық ләззат сыйлап қана қоймай, оларды ойландырып, өмірге басқа қырынан қарауға итермеледі.

Байсбаева Оралхан Байтилеуовна

                                                    «Механика» кафедрасының аға куратор-эдвайзері