Тағылымды дәрісFarabi University

Тағылымды дәріс

7 ақпан, 2025

Ақпан айының 7-і күні “Әдебиеттану” мамандығының 2-3 курс студенттері  қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының оқытушылары Ш.Шортанбай, С.Дәрібаевтармен бірге ТДМ 4. “Сапалы білім беру” аясында Алматы қаласы музейлер бірлестігі, С. Мұқанов пен Ғ. Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешенінде «Ғабеңнің құнды сағаты» атты дәріске қатысты. Музей кешенінің экскурсия жетекшісі М. Сағымбаева әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, филология факультетінің оқытушылары мен тәлімгерлеріне жәдігердің тарихы туралы баяндап берді. Шара соңында лекция тақырыбына байланысты “Музейдегі құпия сағат” атты квест ойын өткізілді. Мамандық студенттері Ғ. Мүсіреповтің жазушылық өміріне қатысты тың деректерді біліп, жазушы шеберханасымен танысып, сөз зергерінің шығармашылығы мен өміріне қатысты өзге де тың дүниелер әлеміне саяхат жасап қайтты.

Ш.А. Шортанбай, қазақ әдебиеті және әдебиет