Дәріс «Шетелде тегін білім алуға арналған бағдарламалар»: Халықаралық білім беру мүмкіндіктерін кеңейтуFarabi University

Дәріс «Шетелде тегін білім алуға арналған бағдарламалар»: Халықаралық білім беру мүмкіндіктерін кеңейту

24 ақпан, 2025

Тұрақты дамуды іске асыру мақсатында 2025 жылдың 18 ақпанында «Криптология 24-01» тобының кураторы, кафедрамыздың PhD, доцент м.а. С.А. Адилжанова «Шетелде тегін білім алуға арналған бағдарламалар» тақырыбында дәріс ұйымдастырды. Бұл іс-шара Халықаралық ынтымақтастық және даму бойынша 17-ші халықаралық конференция аясында өткізілді.

Халықаралық ынтымақтастық пен білім беру бағдарламалары туралы дәріс пен пікірталастың маңызы зор. Мұндай іс-шаралар жастарды шетелде оқуға тартуға, халықаралық тәжірибе жинақтауға және білім беру саласындағы мүмкіндіктерді кеңейтуге ықпал етеді.

Шетелде тегін білім алу – көптеген студенттер үшін үлкен мүмкіндік, сондықтан осындай іс-шаралар жастардың халықаралық білім беру бағдарламаларына деген қызығушылығын арттырады.