Доктор Акрэм Хабибулламен кездесу: ислам зерттеулері және кітапхана ісі туралы диалогFarabi University

Доктор Акрэм Хабибулламен кездесу: ислам зерттеулері және кітапхана ісі туралы диалог

24 ақпан, 2025

24 ақпанда 420 аудиторияда Акрэм Хабибулланың, MLIS, PhD, Индиана университетінің кітапханаларынан Таяу Шығыс, Орталық Еуразия және ислам зерттеулері жөніндегі кітапханашының дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының оқытушылары мен докторанттарымен кездесуі өтті.

Доктор Хабибулла ислам зерттеулері және кітапхана ісі саласындағы өзінің кең тәжірибесі мен білімімен бөлісті, сондай-ақ Индиана университеті мен кафедра арасындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.

Кездесу ашық диалог форматында өтті, бұл қатысушыларға сұрақтар қоюға және құнды жауаптар алуға мүмкіндік берді.