- Басты бет
- Жаңалықтар
- Халықаралық қатынастар факультетінде 12-ші Тұрақты даму мақсатын қолдау іс-шарасы өтті
Халықаралық қатынастар факультетінде 12-ші Тұрақты даму мақсатын қолдау іс-шарасы өтті

20–21 ақпан күндері Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің халықаралық қатынастар факультетіндегі БҰҰ туралы ақпарат беретін академиялық аймақтық ресурстық орталығы Swapping Party акциясын ұйымдастырды. Іс-шара факультеттің екінші қабатында өтті.
Шараның негізгі мақсаты – заттарға екінші өмір сыйлау және студенттер арасында алмасу арқылы тұтыну деңгейін төмендету мен қалдықтарды азайту. Бұл бастама Тұрақты даму мақсаттарының барлығын қолдай отырып, әсіресе ТДМ 12 – «Жауапты тұтыну және өндіріс» қағидаларына ерекше назар аударды.
Осындай бастамалар экологиялық саналы қоғам қалыптастыруда маңызды рөл атқарады, жастарды ресурстарды ұтымды пайдалануға шақырады. Заттармен алмасу қоршаған ортаға кері әсерді азайтумен қатар, саналы тұтыну мәдениетін дамытуға ықпал етеді. Сонымен қатар, іс-шара студенттерге жаңа таныстық орнатуға, тәжірибелерімен бөлісуге және қажет заттарды қосымша шығынсыз табуға мүмкіндік берді.
Swapping Party сәтті өтті: студенттер белсенді түрде қатысып, саналы тұтыну тұжырымдамасына үлкен қызығушылық танытты. Бұл жастардың әлеуметтік жауапкершілігінің жоғары деңгейін көрсетеді.
Іс-шараның бастамашысы 4 курс студенті Баяндина Дамира, ұйымдастырушылары: Деловарова Л.Ф., БҰҰ ақпарат орталығының белсендісі.
Басқа жаңалықтар

