Арабтану бөлімінің студенттері келесі оқу жылына пәндерге тіркелуді бастадыFarabi University

Арабтану бөлімінің студенттері келесі оқу жылына пәндерге тіркелуді бастады

24 ақпан, 2025

Университеттің академиялық саясатына және "Білім алушыларды оқу жоспарының пәндеріне (модульге) тіркеуді ұйымдастыру" туралы 21.01.2025 ж. N 6  Өкімге сәйкес арабтану бөлімінің студенттері 2025-2026 оқу жылының күзгі, көктемгі семестрлеріне тіркелуді бастады.

1-курс студенттерінің эдвайзері аға оқытушы Жиекбаева А.Б. бөлімнің "Аударма ісі", "Шығыстану" БББ бойынша 1-курс студенттеріне пәнге  тіркеу үшін ұсынылған пәндердің қысқаша сипаттамасын, оқу нәтижелерін, пререквизиттерін түсіндіре  отырып, презентация арқылы кеңес беру жұмысын жүргізді.

Нәтижесінде білім алушылар келесі оқу жылының пәндеріне өз таңдаулары бойынша  оқытушыларды таңдай отырып тіркелу жұмысын аяқтады. Тіркеу жұмыстары наурыз айының 10-жұлдызына дейін жалғасады.

 Арабтану бөлімінің меңгерушісі Хаван А.