Халықаралық қатынастар факультетінің жас ғалымдары Тұрақты дамудың 17 мақсаты бойынша шығармашылық шеберлік сыныбын ұйымдастырдыFarabi University

Халықаралық қатынастар факультетінің жас ғалымдары Тұрақты дамудың 17 мақсаты бойынша шығармашылық шеберлік сыныбын ұйымдастырды

25 ақпан, 2025

2025 жылғы 25 ақпанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетінде Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) 17 бағыты және олардың жаһандық саясатқа әсері тақырыбында шеберлік сабағы өтті.

Бұл іс-шара халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасында педагогикалық практика аясында бірінші курс магистранттары (ағылшын бөлімшесі) тарапынан ұйымдастырылды. Шеберлік сабағына факультеттің студенттері, оқытушылары мен басшылығы қатысты.

Іс-шараға бакалавриат пен магистратураның студенті, сондай-ақ профессор-оқытушылар құрамы мен факультет әкімшілігінің өкілдері қатысты. Қонақтар қатарында педагогикалық практиканың жетекшісі Деловарова Л.Ф., кураторлар, тарих ғылымдарының кандидаты Исова Л.Т. және Кульбаева А.Т., сондай-ақ халықаралық қатынастар кафедрасының меңгерушісі, PhD Байкушикова Г.С. болды.

Шеберлік сабағының бағдарламасы теориялық және интерактивті жұмыс форматтарын қамтыды.

Қатысушылардың тіркелуі мен кіріспе сөзден кейін студенттер «SDG-Themed Origami» атты топтық тапсырмаға қатысты. Бұл тапсырма барысында әрбір команда Тұрақты даму мақсаттарының бірін бейнелейтін оригами жасап, оның мәнін түсіндірді. Мұндай тәсіл қатысушыларға ТДМ-ның маңыздылығы мен олардың жаһандық мәселелермен байланысын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді. Бұдан кейін студенттер әртүрлі елдерде ТДМ-ды іске асыру бойынша өз зерттеулері мен презентацияларын ұсынды. Бұл өз кезегінде табысты тәжірибелерді талқылауға және олардың негізгі үрдістерін анықтауға мүмкіндік берді.

Шеберлік сабағының қорытынды кезеңінде қатысушылар кері байланыс сессиясына қатысты. Олар өз әсерлерімен бөлісіп, өзекті мәселелерді талқылап, тұрақты даму тақырыбында әрі қарайғы жұмыс перспективаларын қарастырды. Іс-шара жоғары белсенділік пен өнімділік атмосферасында өтті, бұл жаңа білім алуға ғана емес, сондай-ақ командада жұмыс істеу дағдыларын дамытуға ықпал етті. Шара соңында қатысушылар естелікке ортақ фотосуретке түсіп, Тұрақты даму мақсаттарын бейнелейтін арнайы сувенирлерге ие болды.

Шеберлік сабағының ұйымдастырушылары Деловарова Л.Ф., бірінші курс магистранттары Ақшалова Айгерім мен Турарбекова Даяна, оларға белсенді көмек көрсеткен магистранттар Хамзаева Фатима және Ерлан Ақмарал.

Ұйымдастырушылар шеберлік сабағына қатысқан, магистранттардың бастамасын қолдаған және іс-шараның сәтті өтуіне өз үлесін қосқан баршаға алғыс білдіреді.

Бұл тәжірибе студенттердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруда тағы бір маңызды қадам болды, сондай-ақ жаһандық мәселелер мен тұрақты даму тақырыбында хабардар болудың маңыздылығын айқындады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Халықаралық қатынастар факультеті ғылыми әлеуетті арттыруға және студенттердің өзекті әлемдік мәселелерді шешуге белсенді қатысуына ықпал ететін осындай іс-шараларды өткізу дәстүрін жалғастыруда.