- Басты бет
- Жаңалықтар
- 2025 жылдың 25 ақпанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетінде 17 Тұрақты даму мақсаты (ТДМ) және олардың жаһандық саясатқа әсері тақырыбында мастер-класс өтті.
2025 жылдың 25 ақпанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетінде 17 Тұрақты даму мақсаты (ТДМ) және олардың жаһандық саясатқа әсері тақырыбында мастер-класс өтті.
.jpeg)
Іс-шараны бірінші курс магистранттары Айгерім Ақшалова, Даяна Турарбекова, Фатима Хамзаева және Ақмарал Ерлан (ағылшын бөлімі) педагогикалық практика аясында PhD Л.Ф.Деловарованың жетекшілігімен, ғылыми кеңесшілер PhD Л.Т.Исова және PhD А.Т.Кульбаева, сондай-ақ Халықаралық қатынастар кафедрасының меңгерушісі PhD Г.С. Байкушикованың қолдауымен ұйымдастырды.
Бағдарлама теориялық және интерактивті форматтарды қамтыды. Шара "SDG-Themed Origami" белсенділігімен басталды, онда қатысушылар топтары 17 Тұрақты даму мақсатының бірін бейнелейтін оригами жасап, оның маңыздылығын түсіндірді. Бұл іс-әрекет ТДМ-ның өзектілігі мен олардың жаһандық сын-тегеуріндермен байланысын тереңірек ұғынуға мүмкіндік берді.
Одан кейін студенттер әртүрлі елдерде ТДМ-ды жүзеге асыруға арналған зерттеулері мен презентацияларын ұсынды. Бұл талқылау табысты тәжірибелерді анықтауға және олардың енгізілуінің негізгі үрдістерін қарастыруға жол ашты.
Мастер-класс кері байланыс сессиясымен аяқталды, онда қатысушылар өз әсерлерімен бөлісіп, өзекті мәселелерді талқылап, тұрақты даму тақырыбында болашақта жұмысты жалғастыру мүмкіндіктерін қарастырды. Іс-шара жоғары белсенділік пен өнімділік атмосферасында өтіп, тек жаңа білім алуға ғана емес, сонымен қатар топтық жұмыстың практикалық дағдыларын дамытуға ықпал етті.
Басқа жаңалықтар

