Б.Момышұлының ерлік сабақтары насихатталдыFarabi University

Б.Момышұлының ерлік сабақтары насихатталды

26 ақпан, 2025

ТДМ "Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар" тармағы бойынша "Ерлік мұрасы: Б.Момышұлының батырлық сабақтары" атты шара ұйымдастырылды. Шараға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультеті "Тұран-Иран" ғылыми-зерттеу орталығының директоры Ислам Жеменей, кинорежиссер Молдағали Омаров қатысты. Ғалым И.Жеменей Б.Момышұлының ерлік мұраттары, еңбектеріндегі ұлттық, рухтық, патриоттық мәселелер туралы ой қозғап, жас ұрпақты батыр бабаларына ұқсап бағуға талпынуға шақырды. Кинорежиссер М.Омаров өмірінде Б.Момышұлының әріптесі әрі көмекшісі болғанын, батырдың талай ерлік, азаматтық істерінің куәсі болғанын баяндап берді. Б.Момышұлы қазақ халқының мәңгі мақтанышы екенін дәлелдей түсетін естеліктерін ортаға салды. Шараға арабтану бөлімінің ОПҚ және білім алушылары, сондай-ақ, философия және саясаттану факультетінің докторант, магистранттары қатысты.