"Европаға жол – шетелде оқу мүмкіндіктері" туралы халықаралық вебинар өткізілдіFarabi University

"Европаға жол – шетелде оқу мүмкіндіктері" туралы халықаралық вебинар өткізілді

27 ақпан, 2025

Европаға жол- шетелде оқу мүмкіндіктері” туралы халықаралық вебинар өткізілді

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ дипломатиялыө аударма кафедрасының профессоры, ф.ғ.к. “ Мәдениетаралық коммуникация және аударма зерттеулері” орталығының директоры, Пуатье университетінің шақырылған лекторы ( Франция) Сейдикенова Алмаш Смайылқызының бастамасымен 26.02.2025жылы “Европаға жол- шетелде оқу мүмкіндіктері” туралы халықаралық вебинар өткізіліп, Фрибург университетінің түлектері ( Швейцария) ф.ғ.к., доцент Бакитов А.Т. , PhD доктор Скакова А. өз тәжірибелерімен бөлісті. Швейцария, Франция, Италия, Испания, Венгрия мемлекеттерінде оқуға арналған стипендиялар туралы ақпарат берілді. Францияда оқып жатқан, оқып келген студенттер өз кейстерімен бөлісті. Қатысушылар қызықтырған сұрақтар бойынша мәліметтер алды. Жалпы семинар ақпаратқа бай, танымды болды.

Ұйымдастырушылары: проф. А. С. Сейдикенова- “Мәдениетаралық  коммуникация және аударма зерттеулері” орталығының директоры,
Дипломатиялық аударма кафедрасының доценттері:
ф.ғ.к. Бакитов А.Т., PhD Скакова А.А., PhD, доцент Шохаева К.Н.