- Басты бет
- Жаңалықтар
- ТДМ 4 «Сапалы білім» аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы Ургенч мемлекеттік педагогикалық институтының (Өзбекстан Республикасы) оқытушылары үшін біліктілікті арттыру курсын ұйымдастырды.
ТДМ 4 «Сапалы білім» аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы Ургенч мемлекеттік педагогикалық институтының (Өзбекстан Республикасы) оқытушылары үшін біліктілікті арттыру курсын ұйымдастырды.

ТДМ 4 «Сапалы білім» аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы Ургенч мемлекеттік педагогикалық институтының (Өзбекстан Республикасы) оқытушылары үшін біліктілікті арттыру курсын ұйымдастырды. Кафедра меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор А.Б. Темірболат, филология ғылымдарының кандидаты С.Б. Тілеубаев, PhD, доцент м.а. Г.Р. Даутова, аға оқытушы Б.Б. Баязитов УрМПИ оқытушыларына қазіргі әдебиеттану мен фольклористиканың даму тенденциялары бойынша кеңес берді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да біліктілікті арттыру аясында филология ғылымдарының кандидаты УрМПИ-нің доценті Эшчанова Гавхар Атажановна «6B02305 – Қазақ филологиясы» мамандығының 2 курс студенттеріне «Қазақ және өзбек халықтарының фольклорының өзара байланысы» тақырыбында мастер-класты өткізді. Баяндамасында Гафхар Атажановна «Қозы-Көрпеш-Баян Сұлу», «Қыз Жібек» эпостарының ұқсастығы мен айырмашылығын түсіндірді. Мастер-класс барысында студенттер доцент Г.А. Эшчановаға сұрақтар қойды. Олар қазақ және өзбек халықтарының салт-дәстүрлерін талқылады.
Іс-шараны «Әдебиеттану» мамандығының 1 курс докторанттары Аяжан Тойбазар, Екпін Елдос, «Қазақ филологиясы» мамандығының 1 курс магистранты Гүлназ Асқарова ұйымдастырды.
Басқа жаңалықтар


