- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ)» «Сапалы білім беру» тармағы аясында өткен «Ашық есік күніне» Иран мәдениеті көрмесі ұйымдастырылды
«Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ)» «Сапалы білім беру» тармағы аясында өткен «Ашық есік күніне» Иран мәдениеті көрмесі ұйымдастырылды

26-ақпанда шығыстану факультетінде Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері мен колледж студенттеріне кәсіби бағыт-бағдар беру мақсатында өткен «Ашық есік күніне» Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының ирантану бөлімі белсенді ат салысты. Бұл шараға Алматыдағы Иран Ислам Республикасы Бас консулдығы жанындағы Мәдени өкілдіктің басшысы Хосейн Ағазаде мырза арнайы қатысып, оқушылар алдында сөз сөйледі, факультет деканы Н.Б.Ем, Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының меңгерушісі Д.М. Көкеева және ирантану бөлімі оқытушыларына алғыс хаттар табыстады. Иран Мәдени өкілдігі мектеп оқушыларына арнап иран мәдениеті көрмесін ұйымдастырды және өкілдік қызметкерлері осы кеш барысында Иран туралы викториналық сұрақтар жарысын өткізіп, дұрыс жауап берген оқушыларға кітап сыйлады. Сондай-ақ шараның «Шығыс әуендерінің кеші» деп аталатын бөлімінде 1 курс студенті Рахат Әділов парсы тілінде баянмен ән салды.
Басқа жаңалықтар

