Ойын-сауық индустриясымен танысуFarabi University

Ойын-сауық индустриясымен танысу

27 ақпан, 2025

24 ақпанда рекреациялық география және туризм кафедрасының 3 курс студенттеріне ТДМ-4 шеңберінде аға оқытушы А.А. Бейсахметтің жетекшілігімен аудиториядан тыс сабақ өткізілді.

Аудиториядан тыс сабақ «Ойын-сауық индустриясы» пәні бойынша өтті. Бұл пәннің мақсаты – студенттерге ойын-сауық индустриясындағы заманауи тенденциялар мен даму мүмкіндіктері туралы түсінік беру, сондай-ақ әртүрлі салаларда кәсіби дағдыларды қалыптастыру

Сабақ барысында сапалы білім берудің, индустрияландыру мен инновациялардың маңызды рөлі талқыланды. Бұл бағыттар білім беру жүйесін дамытуға, кәсіби дағдыларды жетілдіруге және орнықты даму саласында жаңа мүмкіндіктер ашуға мүмкіндік береді.