ҚазҰУ-да өткен білім мен ғылым сабақтастығына арналған форумFarabi University

ҚазҰУ-да өткен білім мен ғылым сабақтастығына арналған форум

27 ақпан, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 2025 жылы 25 ақпан күні  республикада білім беруді дамыту саясатын талқылауға арналған «Қазақстан педагогикасы: білім және ғылым сабақтастығы» атты ғылыми-педагогикалық форумы болды.  Форумға Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев, көрнекті ғалымдар, білікті педагог мамандар, сонымен бірге шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының  профессор-оқытушы құрамы да  қатысты.

  Форумда оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев сөз сөйлеп, педагогикалық білім берудің негізгі рөлін атап өтіп, осы салада жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін педагогиканы ғылыммен және ғылыми қоғамдастықпен біріктіру қажет екенін айтты.

         Форум барысында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, сондай-ақ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің өзекті мәселелеріне арналған төрт секция жұмысы ұйымдастырылды. Қатысушылар педагогикалық білім беру және оны жетілдіру бойынша тиімді шешімдер әзірлеу үшін отандық ғалымдардың ғылыми әлеуетін біріктіру және басқа да өзекті тақырыптар бойынша сұрақтар мен ұсыныстарды талқылады.

 

Саденова А.Е

Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының доценті, Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру дайындығы факультеті