- Басты бет
- Жаңалықтар
- ТДМ АЯСЫНДА ТҮРІКТАНУ ЖӘНЕ ШЫҒЫС ЕЛДЕРІНІҢ ТАРИХЫ КАФЕДРАСЫ «КІТАП САРҚЫЛМАС РУХАНИ ҚАЗЫНА» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗДІ
ТДМ АЯСЫНДА ТҮРІКТАНУ ЖӘНЕ ШЫҒЫС ЕЛДЕРІНІҢ ТАРИХЫ КАФЕДРАСЫ «КІТАП САРҚЫЛМАС РУХАНИ ҚАЗЫНА» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗДІ

2025 жылғы 27 ақпанда сағат 14:00-де Түріктану және Шығыс елдерінің тарихы кафедрасының 2-курс студенттері ұйымдастырған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға кафедраның профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері қатысты. Сонымен қатар, факультеттің кітапхана маманы Раушан Жексенбаева шақырылды.
Дөңгелек үстел қазақ әдебиетінің дамуына елеулі үлес қосқан көрнекті қазақ жазушылары Дулат Исабеков пен Мұхтар Мағауинді бір минут үнсіздікпен еске алудан басталып, қатысушылардың баяндамаларымен жалғасты. 2-курс студенті Аяжан Болатова “Кітаптың тұлға қалыптастырудағы және адамның рухани әлемін дамытудағы рөлі” тақырыбында баяндама жасап, оқудың адамның ой-өрісін кеңейтіп, мінез-құлқын қалыптастырып, адамгершілік құндылықтарды тәрбиелеуге және руханилықты дамытудағы орнын көрсетті.
Одан кейін студенттер мен оқытушылар Хайролла Дана ұйымдастырған викторинаға белсене қатысты. Бұл іс-шараның соңғы баяндамасын “Шығыс халықтарының сакральды және философиялық әдебиеті” тақырыбында Қантаева Айым жасады. Баяндамашылар студенттердің сұрақтарына жауап беріп, өз ойларымен бөлісті.
Дөңгелек үстел соңында қонақтар мен студенттер құттықтау сөздерін айтып, барлық қатысушылар Қарақат Әбілдинаның “Келші, айым” әнін орындады.
Кафедра басшылығы мен профессор-оқытушылар құрамы кітаптың жай ғана ақпарат көзі емес, сонымен қатар адамның өзін-өзі тануына, ойлау қабілетін дамытуына және рухани байытуына ықпал ететін маңызды құрал екенін атап өтті. Кітап адамның дүниетанымын қалыптастыруға, талдауды үйренуге, жанашыр болуға және өмірлік сұрақтарға жауап табуға көмектеседі. Сондай-ақ, кафедра басшылығы 2-курс кураторы-эдвайзері К.Б. Жанатаеваға және аға оқытушылар А.Ж. Назарова мен Н.М. Шуиншина Метаға, сондай-ақ іс-шараны ұйымдастыруға атсалысқан барлық студенттерге алғыс білдірді.
Шығыстану факультетінің Түріктану және Шығыс елдерінің тарихы кафедрасының аға оқытушылары:
К.Б. Жанатаева, А.Ж. Назарова, Н.М. Шуиншина Мета.
Басқа жаңалықтар

