- Басты бет
- Жаңалықтар
- Коллаборативті орта «мектеп-университет»: Digital Humanities концепциясы аясында ғылыми жобаны жүзеге асыру.
Коллаборативті орта «мектеп-университет»: Digital Humanities концепциясы аясында ғылыми жобаны жүзеге асыру.

Жаңартылған білім беру бағдарламасы, күшейіп келе жатқан глобализация және кең ауқымды цифрландыру білім алушылардың цифрлық гуманитаристикадағы зерттеу дағдыларын дамыту қажеттілігін алдыңғы қатарға шығарды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік приоритеттері контекстінде пәнарлық жобалық қызмет білім сапасын арттыруда (ТДМ, 4-бап) және мектеп пен университет арасындағы сабақтастықты нығайтуда ерекше рөл атқарады. 2024-2026 жылдарға арналған ИРН АР23489121 «Коллаборативті орта «мектеп-университет»: Digital Humanities концепциясы аясында ғылыми жобаларды жүзеге асыру» ГҚ жобасының қатысушылары: - жоба жетекшісі, п.ғ.д. Бегалиева С.Б.;
ЖҒҚ: PhD Таттимбетова К.О., PhD докторанттары Шмакова Е.С., Жунисбаева А.С. өздерінің әрекеттерін «мектеп-университет» коллаборативті ортасын құру арқылы сабақтастық принципі бойынша мектептегі пәнарлық ғылыми-зерттеу қызметін жетілдіруге бағыттаған, негізгі міндет - ғалымдар, дарынды студенттер, мұғалімдер мен оқушылардың коллаборациясы - ғылыми жобаларды дайындау, қазіргі ғылым мен білімнің бағыттары аясында ғылыми жобаларды жасау және жүзеге асыру. Зерттеу жобасының мақсаты - Digital Humanities контекстінде ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыру үшін тиімді алаң ретінде коллаборативті, цифрлық, ашық «мектеп-университет» ортасын ұйымдастыру және әдістемелік негіздеу.
Жобаның міндеттерін жүзеге асыру үшін филология факультетіне қажетті жабдықтар сатып алынды, грант қаражаты есебінен 3,094,183 теңге (үш миллион тоқсан төрт мың бір жүз сексен үш теңге) 2024 жылдың 1 қарашасында:
1. Принтер - 2 дана.
2. Ноутбук - 3 дана.
3. Моноблок - 2 дана.
4. USB - 4 дана.
Барлық жабдықтар жұмыс істеп тұр, сабақтарда, конференцияларда, семинарларда және т.б. қолданылады.
Жоба қатысушыларының зерттеу бағыты бойынша біліктілігі, мектеп және университеттегі көпжылдық педагогикалық қызметтерімен, ҒЗЖ, зерттеу мәселесіне бағытталған жарияланымдармен, ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыру тәжірибесімен расталады.
Басқа жаңалықтар


