«Фараби әлемі-2025» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясыFarabi University

«Фараби әлемі-2025» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы

20 ақпан, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, химия және химиялық           технология факультеті 2025 жылдың 3-5 сәуір аралығында өтетін «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясына қатысуға шақырады. Конференцияға Қазақстанның және шет елдердің жоғары оқу орындары мен ҒЗИ студенттері, магистранттары және 40 жасқа дейінгі жас ғалымдары қатыса алады.

Қатысушылардың баяндамалары "Химия" бағыты бойынша секциялық отырыстарда 2025 жылдың 3-5 сәуір аралығында ғылымның әр түрлі саласындағы ғылым жаңалықтарының теориялық, тәжірибелік және қолданбалы сипаттағы баяндамалары тыңдалатын болады. Конференцияның жүргізілу тілдері – қазақ, орыс, ағылшын тілдері.https://farabi.university/storage/files/223526413067c1a632a0aad262294139_АҚПАРАТТЫҚ ХАТ Фараби Әлемі – 2025.pdf

Баяндамалардың тезистерін төменде келтірілген сілтеме бойынша тіркейді:

Секциялардың техникалық хатшылары өтініштер мен тезистерді 2025 жылдың 25 наурызына дейін (https://forms.office.com/r/Wj8TmSD7We) сілтемесі бойынша электронды түрде қабылданады.

Конференция жинағында (электрондық формат) тиісті секцияларда ауызша баяндама жасаған авторлар жұмыстары ғана жарияланады!

Конференция онлайн және оффлайн режимінде өтеді.

 Барлық сұрақтар бойынша (шақырту хаттарын сұрату) бойынша Chem.Farabialemi@kaznu.kz     +7 707 457 97 40 хабарласыңыз.