
28.02.2025. КИ-24 тобы.
Куратор: Максутова.Б.А
Кураторлық сағат «Мейірімділік – әлемді құтқарады» тақырыбында өтті. Сабақтың мақсаты – білім алушыларға мейірімділіктің маңызын түсіндіріп, жанашырлық пен қамқорлыққа баулу. Студенттерге ізгілік, достық, қайырымдылық секілді адами құндылықтарды дәріптеу басты міндет болды. Сабақ барысында өмірлік мысалдар мен ойындар арқылы мейірімділік қасиеттері дамытылды. Нәтижесінде білім алушылар мейірімділіктің тек сөзбен емес, іс-әрекетпен көрінетінін ұғынып, оны күнделікті өмірде қолдануға талпынды. Әрбір ізгі іс – үлкен өзгерістердің бастауы екенін түсіндік.
Басқа жаңалықтар

18 сәуір, 2025

18 сәуір, 2025