Музей таныстырылымы: «1000 жылдық Алматы»Farabi University

Музей таныстырылымы: «1000 жылдық Алматы»

27 ақпан, 2025

2025 жылдың 27 ақпанында Алматы қаласының мұражайында Қазақ ұлттық университеті тарих факультетінің «Ғылыми тарих» мамандығының 1-курс және «Сандық мұрағаттану және құжаттану» мамандығының 2-курс студенттеріне «1000 жылдық Алматы» тақырыбында музей таныстырылымы өтті.

Музейдің аға ғылыми қызметкері Марат Мұғалович қаланың ортағасырлық келбеті мен өмірі туралы қызықты мәліметтермен бөлісіп, мың жыл бұрын бұл жерде қала болғанын дәлелдеді.

Ұйымдастырушы: Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының аға оқытушысы - Нұрпейісова Б. Е.