- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына және 1 наурыз - Алғыс айту күніне арналған мәдени іс-шара өтті.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына және 1 наурыз - Алғыс айту күніне арналған мәдени іс-шара өтті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына және 1 наурыз - Алғыс айту күніне арналған мәдени іс-шара өтті.
Мереке аясында Шығыстану факультетінің оқытушылары, соның ішінде Түркітану және Шығыс елдерінің тарихы кафедрасының оқытушысы Дулаева Эльнара Зильпикаровна қажырлы еңбегі мен көрнекті ғылыми жетістіктері үшін құрметті марапатқа ие болды.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Түймебаев Жансиет Қансейітұлы барлық қатысушыларды осы маңызды оқиғамен құттықтап, Қазақстан халқы Ассамблеясы өз қызметінің 30 жылында елдегі бірлік пен этносаралық келісімді нығайтуда шешуші рөл атқара отырып, бейбітшілік пен тұрақтылықтың қуатты символына айналғанын атап өтті. Сондай-ақ Қазақстанның барлық халықтары арасында бейбітшілікті, тұрақтылық пен достықты одан әрі сақтаудың маңыздылығын айтып, Ассамблеяның осы процестерге қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.
Түріктану және Шығыс елдері тарихы кафедрасы
Халел Агнұр
Басқа жаңалықтар

