Көшбасшылық дәріс: Қазақстандағы энергия көздері, Отын энергия ресурстарын зерттеу-іздестіру және жобалауFarabi University

Көшбасшылық дәріс: Қазақстандағы энергия көздері, Отын энергия ресурстарын зерттеу-іздестіру және жобалау

25 ақпан, 2025

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің 40 жылдығына орай «40 іс-шара» аясында ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ ұйымдастыруымен 
Көшбасшылық дәріс: Қазақстандағы энергия көздері, Отын энергия ресурстарын зерттеу-іздестіру және жобалау институтының құрылыс бөлімінің басшысы "Еңбек сіңірген энергетик" төсбелгі иегері спикер Ағзамбек Кәрменқанұлымен кездесу өтті. Кешіміздің қонақтары  ұстаздар, ғалымлар және факультет тыңдаушылары.
Электроқуат өндіру және электрмен жабдықтау жүйесі ұлттық экономиканың өндірістік және әлеуметтік инфроқұрылымдағы маңызды сала әрі өнеркәсіптің басқа салаларын дамытудың басты базасы екенін сондай-ақ электр энергетикасы салалары бойынша электр энергиясын өндіру, жеткізу,жабдықтау, тұтыну маңызы мен ел экономикасының дамуы мен өсуіне мүмкіндігі зор екендігі туралы тыңдаушыларға ақпарат берілді. Кездесу барысында тыңдаушылар жақтан сұрақтар қойылып, пікір алмасумен жалғасты.
Тыңдаушылар өздерінің көптеген сұрақтарына жауап алып өте қызықты кездесу болды. Кездесу соңында қонағымызға шағын сый-сиапат жасалынып, кешіміз өз мәресіне жетті. 
Тыңдаушылармен кездесуге келген қонағымыз қимастықпен қоштасып, біздің тыңдаушыларға болашақта еліміздің ЖОО-на мүдірмей, қиыншылық көрмей белгілі бір маман иесі болып елімізде азамат болып қалыптасуына, Қазақстанның дамуына үлес қосатын үлкен маман иесі болуына ізгі-ниет тілектерін білдірді.