Меңілбеков Данияр СмадилұлыFarabi University

Меңілбеков Данияр Смадилұлы

4 наурыз, 2025

1996 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультетінің ирантану бөлімін «шығыстанушы-тарихшы» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1996 жылы Алматыдағы «Фудлинк» кәсіпорнында парсы тілінен аудармашы болып бастаған. 3 жылдан  кейін тележурналистика саласына бет бұрып, осы саладағы қадамын НТК телеарнасында тілші-редактор болып бастайды. Журналистика саласында  үлкен жетістіктерге қол жеткізді.  2011-2014 жж. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы, 2014-2016 жж. ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаментінің бас сарапшысы, 2016-2020 жж. Назарбаев Университетінің «University Medical Center» корпоративтік қорының PR-қызметінің жетекшісі, Басқару кеңсесінің бас менеджері, 2020-2022 жж. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кеңесшісі, 2022 жылдан бүгінге дейін «Хабар» Агенттігі Басқарма төрағасының орынбасары.

Басқа жаңалықтар