Шетелдік студенттердің алғыс білдіруіFarabi University

Шетелдік студенттердің алғыс білдіруі

4 наурыз, 2025

 «Алғыс айтудың маңызы зор!» деген ұранмен бірінші наурызда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті  шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының 6-топ студенттерімен тәрбие іс-шарасы өтті. Бұл іс-шара Қазақстанда Алғыс айту күнін мерекелеуге арналды. 

Аталмыш күн қарсаңында шетелдік студенттер көпұлтты Қазақстан Республикасындағы осы мерекенің тарихы туралы интернеттен оқыды. Студенттер осы тақырып бойынша ақпаратпен бөлісіп, кураторға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, о,ған жауап ала білді. 

Іс-шара соңында студенттер «Өмірде кімге және не үшін алғыс айту керек?» деген сұрақты талқылады. Олар тақтаға өздері үшін маңызды деп санайтын ойларын жазды: ата-аналарға өмір сыйлағандары үшін алғыс айту; білім берген және өте шыдамды ұстаздарға алғыс білдіру; достарға достық үшін; елдегі өмірді жақсартуға тырысқан үкіметке алғыс айтты.