Жасыл энергия: біз жасайтын болашақ!Farabi University

Жасыл энергия: біз жасайтын болашақ!

4 наурыз, 2025

            Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының аға оқытушысы И.К.Әзімбаева 2025 жылдың 4 наурызында  «Шетел филологиясы (батыс тілдері)» мамандығының 1 курс студенттерімен «ТДМ-7: Қолжетімді және экологиялық таза энергия» тұрақты дамудың 7-ші мақсаты аясында  «Жасыл энергия: біз жасайтын болашақ» атты ашық тәрбие сағатын өткізді. Ашық сабақ барысында студенттер осы тақырыпты талқылауға белсенді қатысып, табиғи ресурстардан түзілетін энергияның әртүрлі көздерін (күн, жел, гидроэнергетика) және олардың артықшылықтары мен экологияға әсерін түсіндіру мақсатында баяндамалар дайындады.  Пікірталас барысында студенттер салауатты және тұрақты орта құру бойынша көптеген идеяларымен бөлісті.

Біз әрқайсымыз энергияны тұтынуды қалай азайта алатындығымызды, көмірқышқыл газ шығарындыларын төмендету жолдарын, сондай-ақ табиғи ресурстардан түзілетін энергияға көшу үшін қала мен ел деңгейінде не істеу керектігін талқыладық. Жаһандық климаттың өзгеруі және табиғи ресурстарды сақтау жауапкершілігі аясында осы мәселелердің маңыздылығын атап өттік.  Студенттер сонымен қатар таза энергия көздерін пайдаланудың маңыздылығын да атап өтті. Соңғы үш жылда мемлекет ЖЭК саласындағы шамамен 63 офсеттік жобаны мақұлдады, олардың жалпы саны шамамен 4 млн.тонна СО2 қысқартылды. Мысалы, "Астана ЕХРО-2017" жел электр станциясы жалпы қысқарту көлемі 160 мың тн. СО2; "Ерейментау қаласындағы жел энергетикалық қондырғылары" - 120 мың тонна. СО2; "қуаты 100 МВт"  Шу "күн электр станциясы" - 150 мың тонна жылына СО2  қысқартылды. Студенттер тұрақты және табиғи ресурстардан түзілетін энергия көздеріне көшудің маңыздылығы туралы терең түсінік алды. Жергілікті деңгейде энергия тұтынуды азайту және баламалы энергия көздерін енгізу бойынша нақты ұсыныстар әзірленді. Студенттер тұрақты ортаны құрудағы өз рөлін және болашақ ұрпақ үшін экологиялық білім берудің маңыздылығын түсінді.