Еуропалық Одақтың құқығы және оны қолдану

Еуропалық Одақтың құқығы және оны қолдану мәселелері бойынша ғылыми-практикалық дөңгелек үстел 2025 жылғы 26 ақпанда БҰҰ-ның 16 орнықты даму мақсатын іске асыру шеңберінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Еуропалық құқық және әлеуметтік ғылымдар орталығы ұйымдастырған “Еуропалық Одақтың құқығы және оны қолдану” тақырыбында ғылыми-практикалық дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның ресми бөлігі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінің деканы, заң ғылымдарының кандидаты, доцент Сайрамбаев Ж.Т., Еуропалық құқық және әлеуметтік ғылымдар орталығының директоры (Франция), Гавр университетінің профессоры Пьер Шабал, сондай-ақ әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық құқық кафедрасының меңгерушісі PhD, қауымдастырылған профессор Алтаева К.Ж. құттықтау сөздерінен басталды.
Дөңгелек үстел жұмысына Тұран университеті мен Алматы Менеджмент Университетінің профессорларын қоса алғанда, халықаралық құқық саласындағы жетекші ғалымдар мен мамандар, сондай-ақ Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ “Халықаралық құқық” мамандығының және Францияның саяси зерттеулер институтының магистранттары қатысты.
Отырыс барысында қатысушылар Еуропалық Одақтың құқықтық жүйесінің әртүрлі аспектілерін құқықтық реттеудің салыстырмалы-құқықтық талдауы жасалды. Атап айтқанда:
- ЕО құқығындағы азаматтардың құқықтарын қорғау,
- қосарланған салық салуды реттеуді қоса алғанда, салық құқығының өзекті мәселелері,
- ғарыш қызметін құқықтық реттеу,
- цифрландыруды құқықтық реттеудің сын-қатерлері мен перспективалары,
- Еуропалық Одақтағы дербес деректерді қорғау тетіктері,
- экологиялық құқық және оның тұрақты дамуды қамтамасыз етудегі рөлі.
Цифрлық экономиканы құқықтық реттеу тетіктеріне, ЕО шеңберіндегі салық заңнамасын үйлестіру мәселелеріне, сондай-ақ дербес деректерді трансшекаралық қорғау проблемаларына арналған пікірталастар ерекше қызығушылық тудырды.
Дөңгелек үстел ғылыми пікір алмасудың маңызды алаңына айналды, сондай-ақ Еуропалық құқық саласындағы отандық және шетелдік мамандар арасындағы академиялық және практикалық ынтымақтастықты дамытуға ықпал етті.
Басқа жаңалықтар

