"Үздіксіз білім алу - өмір бойы даму"Farabi University

"Үздіксіз білім алу - өмір бойы даму"

6 наурыз, 2025

Бүгін Алматы қаласындағы 94 мектеп-гимназияда "Үздіксіз білім алу - өмір бойы даму" тақырыбында шеберлік сыныбы өткізілді. Бұл іс-шара Тұрақты даму бағыттары бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Шеберлік сыныбын А.Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ.к. С. Жусанбаева мен Қазақ әдебиеті мен әдебиет теориясы кафедрасының аға оқытушысы,  ф.ғ.д. Г. Болатованың жетекшілігімен Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 1-курс докторанттары өткізді.

Шеберлік сыныбы барысында оқушыларға үздіксіз білім алудың маңызы мен оның мүмкіндіктері түсіндірілді. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті — еліміздегі жетекші оқу орындарының бірі ретінде таныстырылып, оқу орнындағы білім алудың жоғары сапасы мен көптеген мүмкіндіктері туралы айтылды. 
Шеберлік сыныбында үздіксіз білім алу ұғымы кеңінен түсіндіріліп, оның қазіргі қоғамда алатын орны мен қажеттілігі туралы сөз болды. Әсіресе, оқу барысында жеке тұлғаның дамуына, кәсіби өсуіне және өмір бойы жаңа білімдерді игеруге мүмкіндіктер ашатыны туралы айқын мысалдар келтірілді. 

Бұл іс-шара оқушыларды білім алуға деген қызығушылықтарын арттыруға, өздерін білім жолында дамытуға ынталандыруға және әрдайым жаңа мүмкіндіктер іздеуге бағытталған үлкен қадам болды.