Египет Араб Республикасы әл-Азһар университетімен ынтымақтастық артуда

ТМД "Сапалы білім" және "Тұрақты даму үшін серіктестік" тармақтары аясында арабтану орталығы мен арабтану бөлімінің (ТшжОА кафедрасы) ұйымдастыруымен ЕАР (Каир) әл-Азһар университетінің профессоры, PhD Амани Махмуд ханым факультет оқытушы-профессорлар құрамы мен білім алушыларына наурыз айының 5-і мен 26-сы аралығында ғылыми және оқу- әдістемелік дәрістер оқуға шақырылды. Дәріс тақырыптары "Тіл мен мәдениетті оқытудың тәсілдері: араб тілін практикалық оқытудың интерактивті тәсілі", "Жобалар арқылы тіл оқыту", "Тіл үйретуде ойын түрлерін қолдану", "Коммуникация арқылы тіл үйрету", "Жасанды интеллект технологияларын тіл үйретуде қолдану" сынды тақырыптарды қамтитын болады. Ғылыми әрі оқу-әдістемелік семинарға арабтану бөлімінің оқытушы-профессорлар құрамы мен білім алушылары, сондай-ақ, арабтану бөліміне Италия, Бангладеш елдері ЖОО ларынан арнайы араб тілін оқуға (қысқа және ұзақ мерзімге) келген бакалавр, магистр білім алушылары қатысуда. Дәрістер 26-наурызға дейін жалғасады.
Арабтану бөлімінің меңгерушісі Хаван А.
Басқа жаңалықтар

