Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының оқытушылары "Таза Қазақстан"акциясы туралы дәрістер өткіздіFarabi University

Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының оқытушылары "Таза Қазақстан"акциясы туралы дәрістер өткізді

6 наурыз, 2025

Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының оқытушылары "Таза Қазақстан" акциясына арналған география және табиғатты пайдалану, Химия және химиялық технология факультеттерінің студенттері мен магистранттары үшін бірқатар дәрістер өткізді. Сабақ барысында акцияның негізгі мақсаттары мен міндеттері, оның қоршаған ортаны қорғау және жастарды экологиялық қозғалысқа тарту үшін маңызы қарастырылды.

Білім беру мекемелерінің, атап айтқанда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың экологиялық мәдениетті қалыптастырудағы, еріктілер қозғалысын дамытудағы және тұрақты тәжірибелерді енгізудегі рөліне ерекше назар аударылды. Оқытушылар студенттердің экологиялық бастамаларға белсенді қатысуының маңыздылығын және университеттің "Жасыл кампус" бағдарламасын жүзеге асыруға қосқан үлесін атап өтті.

Дәрістер аясында сондай-ақ 2024 жылғы 31 қазанда Үкімет бекіткен, елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған "Таза Қазақстан" тұжырымдамасы ұсынылды. Бұл құжат қоршаған ортаның ластануына қарсы күресті, қалдықтарды бөлек жинау жүйесін дамытуды, аумақтарды көгалдандыруды және халық арасында экологиялық жауапты өмір салтын насихаттауды қоса алғанда, жұмыстың негізгі бағыттарын айқындайды.

Сонымен қатар, студенттерге акцияның ресми сайты ұсынылды – tazaqazaqstan.kz, оның функциялары туралы айтты. Дәрістер үлкен қызығушылық тудырды және көптеген студенттер алдағы экологиялық іс-шараларға қатысуға ниет білдірді.