Қадыр Мырза Әлидің поэтикалық әлемі

4-ТДМ «Сапалы білім» аясында 2025 жылдың 4 наурыз күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да, қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының ұйымдастыруымен, көрнекті ақын, Қазақстанның халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Қадыр Мырза Әлидің 90 жылдығына арналған «Қадыр Мырза Әлидің шығармашылығы және қазақ әдебиетінің даму тенденциялары» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.
Бұл іс-шараның модерлаторлары – қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор А.Б. Темірболат, ф.ғ.д., профессор Ө. Әбдиманұлы.
Конференцияға отандық және шетелдік ғалымдар, ақындар мен жазушылар, филология факультетінің оқытушылары, докторанттары, магистранттары, студенттері қатысты.
Конференцияны Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма мүшесі – әлеуметтік даму жөніндегі проректоры, ф.ғ.к. С.Қ. Суатай ашты. Сәбит Құрманжанұлы сөзінде Қадыр Мырза Әлидің қазақ әдебиетінің дамуына қосқан үлесін атап өтті.
Конференцияда ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасы төрағасының орынбасары, ақын Қ.С. Бегманов, «Қадыр Мырза Әли» қоғамдық қорының директоры, Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің құрметті профессоры Д.І. Қажымов, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы Н.Б. Ақыш, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, ақын, филология ғылымдарының докторы, профессор Б.Ө. Жақып, Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогика университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Д.Т. Айтбаев, филология ғылымдарының докторы, профессор З.-Ғ.К. Бисенғали, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, танымал ақын, журналист, баспагер, филология ғылымдарының кандидаты Т.М. Көпбаев, КР ҰҒА Ш. Айтматов атындагы Тіл және әдебиет институтының жеткекші ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты М.Т. Садыров, І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы М.М. Иманғазинов, Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты З.Ж. Мүтиев, Ургенч мемлекеттік педагогикалық институтының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Г.А. Эшчанова баяндама жасады.
Конференция барысында ақынның шығармашылығына қатысты тың зерттеулер мен құнды пікірлер айтылды. Бұл конференцияның Қадыр Мырза Әлидің тұлғасы мен шығармашылығын терең зерттеу, дәріптеу, бағалау үшін маңызы зор.
Басқа жаңалықтар

