"Әлемнің ең танымал сурет өнері туындылары" көрмесі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультетінде 6В02205 – Тарих білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері PhD Ж.М. Терекбаеваның "Музейтану негіздері" пәні аясында "Әлемнің ең танымал сурет өнері туындылары" атты көрме ұйымдастырды. Көрмеде қайта өрлеу дәуірінен бастап, классицизм, рококо, романтизм, импрессионизм, постимпрессионизм, экспрессионизм және реализм сияқты әртүрлі кезеңдер мен стильдердегі өнер туындылары ұсынылды.
Студенттер өздерінің зерттеулері мен шығармашылық жұмыстары арқылы әлемдік өнердің ең танымал туындыларының маңыздылығын, тарихи контекстін және стильдік ерекшеліктерін көрсете білді. Көрме қонақтарына әрбір туындының тарихы мен авторы туралы қызықты мәліметтер ұсынылды.
Бұл іс-шара студенттердің өнерге деген қызығушылығын арттырып, музейтану саласындағы білімдерін тереңдетуге және көрме ұйымдастыру тәжірибесін жинақтауға мүмкіндік берді.
Басқа жаңалықтар


