«Мейірімділік жүректен»Farabi University

«Мейірімділік жүректен»

28 ақпан, 2025

28.02.2025ж. 12.00-де АЖ 22-03 тобымен «Мейірімділік жүректен»  тақырыбында кураторлық сағат өтті. Мақсаты – жастардың  бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату, жақсы-жаманды ажырата білуге, адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету. 
Мейірімділік – ізгіліктің жолы. Жақсылық жасау – адам  бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Жақсылық жасау дегеніміз  адамдарға, айналаға, табиғатқа, қайырымдылық пен қамқорлық жасауды, көмек көрсетуді білдіреді. Адамдардың бір-біріне жиі жақсылық жасауы оларды жақындастырады, достастырады.  Осы қасиеттер арқылы студенттердің шығармашылық қиялын, ой-өрісін, жүйелі ойлауын дамыта отырып, танымдық,  мейрімділік қабілеттерін жетілдіреміз. 
Куратор-эдвайзер Максутова Шынар Усеровна.