Студенттер сән мәдениетін қалай дамыта алады?

Сән мәдениеті – бұл тек сыртқы көрініс қана емес, сонымен қатар интеллект, талғам және өзіндік көрініс. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері үшін сән – өзін-өзі көрсетудің, шығармашылықты дамытудың және сенімділікті арттырудың маңызды құралы.
Жақында студенттер белгілі сән тарихшысы Александр Васильевтің дәрісіне қатысу мүмкіндігіне ие болды. Rixos Almaty қонақ үйінде өткен іс-шара аясында сән мен өнерді сүйетіндер үшін екі бірегей моноспектакль ұйымдастырылды:
- «Сән үйлерінің құпиялары» – Коко Шанель, Кристиан Диор, Ив Сен-Лоран және Джанни Версаченің шығармашылығына арналған, сән әлеміндегі құпиялар мен аңыздарды ашатын қызықты спектакль.
- «Шығыс және сән: Шығыстың еуропалық стильге әсері» – Шығыс мәдениеті мен өнерінің еуропалық сәнге тигізген ықпалын көрсететін ерекше қойылым.
Қазақстан сән әлеміне ұлттық ерекшеліктерді енгізу арқылы өзіндік стиль қалыптастыра алады. Қазақтың дәстүрлі ою-өрнектері, ұлттық әшекейлері мен этникалық өрнектері заманауи сәнге ерекше сипат береді.
Александр Васильев сән тарихы бойынша терең білімімен және театрландырылған дәрістерімен танымал, бұл іс-шараны студенттер мен сән әуесқойлары үшін ерекше тартымды етті.
PhD Мұхаметқалиева Г.О.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Халықаралық қатынастар факультеті, дипломатиялық аударма кафедрасы
Басқа жаңалықтар

