- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де Тұрақты дамудың гендерлік теңдік және теңсіздікті қысқарту мақсаттарын жүзеге асыру аясында және мүмкіндігі шектеулі жандарға кемсітушілік көзқарас және қудалауға (харассмент) қарсы саясатты қолдау мақсатында студенттерге қонақ дәрісі ұйымдастырылды
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де Тұрақты дамудың гендерлік теңдік және теңсіздікті қысқарту мақсаттарын жүзеге асыру аясында және мүмкіндігі шектеулі жандарға кемсітушілік көзқарас және қудалауға (харассмент) қарсы саясатты қолдау мақсатында студенттерге қонақ дәрісі ұйымдастырылды

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі кеңесшісінің «Мүмкіндігі шектеулі жандармен қарым-қатынас этикасы. Әлеуметтік саланы мемлекеттік қолдау» тақырыбында қонақ дәрісі өтті. Дәріс – ТДМ гендерлік теңдік және теңсіздікті қысқарту мақсаттарын жүзеге асыру аясында және мүмкіндігі шектеулі жандарға кемсітушілік көзқарас және қудалауға (харассмент) қарсы саясатты қолдау мақсатында ұйымдастырылды. Тұрақты даму мақсаттарының гендерлік теңдік және теңсіздікті қысқарту мақсаттарын жүзеге асыру
26 ақпанда философия және саясаттану факультеті, әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасында әлеуметтанулық зерттеулер және әлеуметтік инжиниринг Орталығының қолдауымен «ІTeachMe.kz біліктілікті дамыту орталығы» ҚҚ директоры, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің штаттан тыс кеңесшісі, мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау бойынша координациялық кеңестің мүшесі, сондай-ақ республикалық және халықаралық жобалардың авторы және жетекшісі Захира Оңғарбайқызы Бегалиева әлеуметтік жұмыс мамандығының білім алушылары, оқытушылары және әлеуметтік сала мамандарына қонақ дәрісін оқыды.
Дәріс аясында тең мүмкіндікті қамтамасыз етуге бағытталған кешенді бағдарламалармен, оның ішінде кемсітушілікке және қудалауға (харассмент) қарсы саясат, әлеуметтік сала қызметкерлерін кәсіби қайта даярлау, әлеуметтік қорғау және инклюзивті бастамаларды мемлекеттік қолдау мәселелері, қоғамның мүмкіндігі шектеулі жандарға қатынасының түрлі үлгілері (қайырымдылық, медициналық, әлеуметтік және құқықтық) қарастырылды.
Дәріске қатысушылар тарапынан орынды терминологияның маңыздылығы мәселесі, мүмкіндігі шектеулі жандарға қатысты таптаурындар мен кедергілерді жою қажеттігі, әлеуметтік саясатты дамытудағы мемлекеттің, ҮЕҰ мен бизнестің ролі қызу талқылады. Дәрістің әлеуметтік саладағы инклюзивтілікті және қоғамның әлеуметтік жауапкершілігін терең түсініктерді қалыптастырудағы маңызы жоғары болды.
Іс-шара ұйымдастырушылары - әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының аға оқытушылары И.С.Сарыбаева, Д.А.Арын, Г.А.Кенжакимова
Басқа жаңалықтар

