Табиғатты қорғау – баршамыздың борышымыз.

2025 жылдың 10 наурыз күні ТДМ 15 «Құрлық экожүйелерін сақтау» бойынша «6В02209-Түркітану» мамандығының 3 курс студенттерімен топ эдвайзері PhD доктор Кудьярова Шолпан Таубаевна ашық кураторлық-эдвайзерлік сағат өткізді.
Табиғат барлық тіршілік атаулының құтты қонысы, мекені, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Студенттерге адам үшін табиғат ең қастерлі ұғым, біз табиғаттың бөлінбес бір бөлігі екендігін сезінуіміз керектігі түсіндірілді.
Ашық кураторлық-эдвайзерлік сағаттың мақсаты табиғатты аялау, айналамызды қоқыстан таза ұстауға, сақтауға жұртшылықтың назарын аудару және экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Студенттер ашық кураторлық-эдвайзерлік сағатта табиғат, адам, қоршаған орта туралы оқығандарын ортаға салып, өздерінің пікірлерін айтып, ұсыныстарын білдірді.
Ұйымдастырушы: Кафедра меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие істері бойынша орынбасары Ш.Т. Кудьярова
Басқа жаңалықтар

