Профессор Х.К. Оспанов атындағы" ФИЗХИМИК-2025 " халықаралық пәндік олимпиадасының іріктеу турыFarabi University

Профессор Х.К. Оспанов атындағы" ФИЗХИМИК-2025 " халықаралық пәндік олимпиадасының іріктеу туры

4 наурыз, 2025

2025 жылдың 4 наурызында химия және химиялық технология факультетінде жыл сайынғы іс-шараға айналған "Физхимик-2025" халықаралық пәндік олимпиадасына қатысқысы келетін студенттер арасында іріктеу туры өтті. Бұл олимпиаданы Физикалық химия, катализ және мұнай-химия кафедрасы ұйымдастырды. Іріктеу турына химиялық және химиялық-технологиялық мамандықтардың 2-4 курс студенттері қатысты. Кафедра доценттері Түсіпбекова А.С., Ажигулова Р.Н. және Наренова С.М. турдың қорытындысы бойынша 40 студенттен олимпиаданың келесі кезеңдеріне одан әрі қатысу үшін 5 студент таңдалды.

Профессор Сейлханова Г.А., доцент Түсіпбекова А.С.