
Құрметті Университетіміздің оқытушылары, докторанттар мен магистранттар!
Сіздерді «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті кітапханасындағы қолжазба, көне және литографиялық кітаптардың каталогы» атты кітаптың тұсаукесеріне шақырамыз. Бұл еңбек Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2022 жылғы 19 маусымда Иран Ислам Республикасына жасаған ресми сапарының қорытындылары бойынша қабылданған 1.12 тапсырма аясында жарияланған.
Аталған жоба 2023–2025 жылдары екіжақты ынтымақтастық негізінде жүзеге асырылуда.
Каталогты әзірлеушілер: «Жазба жәдігер және рухани мұра» ҒЗО директоры, Шығыстану факультеті, Түріктану және Шығыс елдерінің тарихы кафедрасының профессоры Зубайда Шадкам мен Иран Ислам мемлекеті «Дайретуль Марифи Бозорге Ислами» орталығының ғылыми қызметкері Атефе Занди.
📅 Күні: 12 наурыз 2025 жыл
📍 Өтетін орны: Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 77, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, кітапхана, №409 аудитория, 4-қабат
⏰ Уақыты: 11:00 – 13:30
Баршаңызды осы маңызды шараға қатысуға шақырамыз!
Жауапты: Шығыстану факультеті
Басқа жаңалықтар

