Индустрияландыру және инфрақұрылымды салудағы инновациялық тәсілдер

Шетел филологиясы мамандығының І курс магистранты Рысқұлбек Жанель 01.03.2025 күні педагогикалық практика аясында «Шетел филологиясы» мамандығының III курс студенттеріне ТДМ 9 «Индустрияландыру, инновация және инфрақұрылым» аясында «Индустрияландыру және инфрақұрылымды салудағы инновациялық тәсілдер» тақырыбында ТДМ өткізді. Іс-шараға Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының аға оқытушысы, Таева Р. М. қатысты.
Іс-шара барысында индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылымның өзара тығыз байланысты екені және олардың қоғамның экономикалық және әлеуметтік дамуы үшін маңызды рөл атқаратыны атап өтілді. Талқылау барысында индустриалияландыру экономикалық өсуге әсері, еңбек пен өндіріс құрылымының өзгеруі, сондай-ақ осы процестердегі инновациялар мен технологиялардың рөлі сияқты бірнеше негізгі бағыттар бөлініп көрсетілді. Экологиядағы инновациялық тәсілдерге, яғни жасыл технологияларды енгізу мен тұрақты дамуға ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, заманауи инфрақұрылымның инновацияларды енгізудегі және индустрияландыру процестерін қолдаудағы ықпалы қарастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылымның өзара байланысын терең түсіну, сондай-ақ олардың қазіргі экономикалық және әлеуметтік дамудағы рөлін айқындау болды. Студенттерге осы процестердің жаһандану мен урбанизацияға қалай әсер ететінін зерттеп, осы бағыттардың болашақтағы дамуындағы негізгі факторларды анықтау ұсынылды. Мақсаттарға жету үшін түрлі әдістер қолданылды. Талқылау ашық диалог түрінде ұйымдастырылды, онда студенттер өз пікірлерімен бөлісіп, сұрақтар қойып, идеяларымен бөлісуге мүмкіндік алды. Студенттердің қатысуымен өтетін сұрақ-жауап әдісі талқыланатын тақырыптарды тереңірек талдауға және сындарлы түрде қарастыруға негіз болды. Бұл тек көптеген пікірлермен алмасуға ғана емес, сондай-ақ қосымша зерттеуді қажет ететін мәселелерді анықтауға мүмкіндік берді.
Сонымен, іс-шара студенттерге индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым саласындағы білімдерін кеңейтуге ғана емес, сонымен қатар қоғам алдында тұрған ағымдағы және болашақтағы мәселелерді талқылауға және шешімдер іздеуге көмектесті. Студенттерге іс-шарада қарастырылған сұрақтар ұнады.
Ұйымдастырушылар:
Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының
Аға оқытушысы, Таева Р. М.
Шетел филологиясы мамандығының
І курс магистранты Рысқұлбек Жанель
Басқа жаңалықтар

