
Құрметті әріптестер!
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультеті 2025 ж. 12-наурыз күні «Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2022 жылғы 19 маусымда Иран Ислам Республикасына барған ресми сапарының қорытындылары бойынша 1.12 тапсырмасына сәйкес жасалған 2023-2025 жылдары екі ел арасында Әбу Насыр әл-Фарабидің (Екінші ұстаз) мұрасын зерттеуге арналған үш жылдық бірлескен жобалар бойынша дайындалған кітаптардың таныстырылымына шақырады.
Таныстырылымға ғылыми қызметкерлер, оқытушылар, жас ғалымдар қатыса алады.
Таныстырылымның мақсаты:
- Қазақстан Республикасы президенті Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаев пен Иран Ислам Республикасының саяси көсемі Сейед Али Хаменейдің кездесуі барысында ой-пікірлерді жүзеге асырып, Әл-Фарабидың ойлары мен еңбектерін негізге ала отырып, иран және қазақ халықтары арасындағы бірін-бірі тану деңгейі мен қарым-қатынастар ауқымын кеңейту.
Шарада келесі кітаптар таныстырылады:
- Әл-Фараби университеті Қазақ ұлттық университеті кітапханасындағы қолжазба, көне және литографиялық кітаптардың каталогы» (Авторлар: З.Шадкам, А.Занди).
- Ұлттық мемлекеттік құрылымның ізденісіндегі диалогы. Иран мен қазақтың өткен ғасырдағы тәжірибесінің салыстырылуы (Фарабидың әділетті қоғам ойларының негізінде). (Авторлар: И.Жеменей, Ш.Мәрефәти).
- Түркістанның жалпы аймақтық тарихы (Қазақ хандығы) (Авторлар: С.А.Муджани, М.Самеи, Б.Батырхан, С.Тайфе).
Таныстырылымның өтетін орны: Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы 71, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Әл-Фараби атындағы Ғылыми кітапхана, № 409 зал (Ақ зал).
Таныстырылымның басталуы: Астана уақыты бойынша сағат 11.00.
Барлық сұрақтар бойынша мына телефонға хабарласуға болады: тел.: +7(727)3773333 (ішкі 17-86), + 77013167255 немесе е-mail: boranbaeva.ayman@gmail.com электрондық поштасы арқылы.
Басқа жаңалықтар

