- Басты бет
- Жаңалықтар
- ХҚ және ӘЭ кафедрасының оқытушы-профессорлық құрамы ТДМ 5 – “Гендерлік теңдік” тақырыбында іс-шара өткізді
ХҚ және ӘЭ кафедрасының оқытушы-профессорлық құрамы ТДМ 5 – “Гендерлік теңдік” тақырыбында іс-шара өткізді

Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының оқытушы-профессорлар құрамы Тұрақты даму мақсаты (ТДМ) 5 – “Гендерлік теңдік” тақырыбына арналған іс-шара ұйымдастырды.
Кездесу барысында оқытушылар арасында белсенді және пікірталасқа толы талқылау өтті. Қатысушылар гендерлік теңдікке ұлттық және халықаралық деңгейде қол жеткізу жолындағы негізгі мәселелерді, жаһандық стандарттардың мемлекеттік саясатқа ықпалын, сондай-ақ ғылым мен білімнің инклюзивті қоғам қалыптастырудағы рөлін талқылады.
Талқылау барысында түрлі көзқарастар айтылды: кейбір қатысушылар тең құқықтар мен мүмкіндіктерді қамтамасыз етудегі айтарлықтай ілгерілеуді атап өтсе, басқалары әлі де сақталып отырған кедергілер мен стереотиптерге назар аударды. Ерекше көңіл гендерлік теңдіктің құқықтық және экономикалық аспектілеріне, сондай-ақ оны жүзеге асырудың нақты механизмдеріне бөлінді.
Мұндай пікірталастар қазіргі сын-қатерлерді тереңірек талдауға және халықаралық стандарттар мен үрдістерді ескере отырып, оқытушылардың кәсіби дамуына ықпал етеді.
Басқа жаңалықтар

