
12.03.2025ж. 12.00-де Математика 24-03 тобымен «Мейірімділік адам айнасы» тақырыбында кураторлық сағат өтті. Мақсаты – жастардың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату, жақсы-жаманды ажырата білуге, адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету.
Мейірімділік – ізгіліктің жолы. Жақсылық жасау – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Жақсылық жасау дегеніміз адамдарға, айналаға, табиғатқа, қайырымдылық пен қамқорлық жасауды, көмек көрсетуді білдіреді. Адамдардың бір-біріне жиі жақсылық жасауы оларды жақындастырады, достастырады. Осы қасиеттер арқылы студенттердің шығармашылық қиялын, ой-өрісін, жүйелі ойлауын дамыта отырып, танымдық, мейрімділік қабілеттерін жетілдіреміз.
Кураторлық сағат сонымен қатар Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ), атап айтқанда ТДМ 4 «Сапалы білім» және ТДМ 16 «Бейбітшілік, әділдік және күшті институттар» бағдарламасына сілтеме жасайды. Рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, мейірімділік пен қамқорлықты дамыту бейбіт және әділ қоғамның негізін құрайтын саналы, толерантты, ар-ожданы бар азаматтарды тәрбиелеуге ықпал етеді. Мейірімділік пен өзара көмек әлеуметтік байланыстарды нығайтады, қоғамның инклюзиясы мен тұрақты дамуына ықпал етеді, барлығына үйлесімді және қолдау көрсететін орта жасайды.
Куратор-эдвайзер Аузерхан Гауһар Сұлтанбекқызы
Иманбердиев Канжарбек,
Математика кафедрасының меңгерушісі
Басқа жаңалықтар


