Ұстаздарымызды көктем мерекесімен құттықтаймыз!🌷✨Farabi University

Ұстаздарымызды көктем мерекесімен құттықтаймыз!🌷✨

8 наурыз, 2025

Сурет интернет желісінен алынған

Құрметті ұстаздар, құрметті әріптестер!

Сіздерді әкімшіліктің және факультетіміздің атынан осынау тамаша көктем мерекесі – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Сіздер жай білім беріп қана қоймай, сонымен қатар шабыттандырушы, тәлімгер, кәсібилік пен даналық үлгісісіздер. Сіздердің күш-қуатыңыз, шыдамдылығыңыз және адалдығыңыз біздің факультетімізді тамаша идеялар туатын және студенттер баға жетпес білім мен қолдау алатын орынға айналдырады.

Сізге таусылмас шабыт, барлық бастамаларыңызға сәттілік, зор денсаулық, бақыт пен өркендеу тілеймін. Өміріңіз қуанышты сәттерге, жылы күлкілерге және студенттердің алғыс сөздеріне толы болсын!

Құрметпен,

Досжан Нұрсұлтан Сағынайұлы

Механика-математика факультетінің деканы